Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі

1–тапсырма. Бірізді жалғанған активті-индуктивті және сыйымдылықты элементтерден тұратын тізбектің тогын және кернеудің әрекеттік мәндерін келесі жиіліктерде , , өлшеңіз.

1. Бірізді тізбектелген тербелгіш контурды жинаңыз (3-сурет). Шек қоятын резистор ретінде кедергісі Ом резисторды қолданыңыз.

Индуктивтік және сыйымдылық элементтердің номиналдық шамаларын тапсырмада көрсетілген вариант бойынша алыңыз (1-кесте).

3 – сурет

1-кесте Тапсырманың варианттары

Вариант № , мГн , мкФ , В
0,22 0,1 1,0 0,22

2. Берілген варианттағы параметрлердің мәндері арқылы контурдың резонанстық жиілігін есептеңіз.

3. Тізбектелген тербелгіш контурды кернеу көзіне жалғастырыңыз. Кернеу көзінің жиілігін өзгертіп, максималды токтың жиілігі бойынша тізбектің резонанстық жиілігін анықтаңыз (амперметрдің көрсеткіші бойынша).

4. Тізбектің резонанстық жиілігін анықтап, басқа өлшеуіш аспаптардың көрсетулерін 2-кестеге жазыңыз.

5. Кернеу көзінің жиілігін , және өзгертіп барлық өлшеуіш аспаптардың көрсетулерін 2-кестеге жазыңыз.

2-кестеге

, Гц , В , мА , В , В , Ом , мГн , мкФ

6. Тізбектің активті кедергісін Омметрмен өлшеңіз. Кернеудің жиілігін , өзгертіп, контурдың параметрлерін есептеңіз. Кернеудің жиіліктері өзгерген жағдайдағы тізбектің өзгеріс векторлық диаграммаларын тұрғызыңыз.

2–тапсырма. Тізбектелген тербелгіш контурдың жиілік сипаттамаларын , , , , , тәжірибе арқылы түсіріп алыңыз.

1. 3-суретте көрсетілген сұлбаны синусоидал кернеу көзіне қосыңыз. Кернеу

2. Кернеу көзінің әрекеттік мәнін өзгертпей, ал жиілігін өзгертіп отырып, тізбектің тогын, элементтеріндегі кернеулерді өлшеңіз. Өлшеу деректерін 3-кестеге жазыңыз.

3. 3-кестеде келтірілген электрлік шамалары бойынша тербелгіш контурдағы параметрлердің , , , , , , жиілік сипаттамаларын тұрғызу керек.

4. Жұмыс әлпілеріне талдау жасаңыз.

3-кесте

Өлшенетін шамалар Есептейтін шамалар
, Гц , В , мА , В , В , Ом , Ом , Ом , Ом , Ом , Ом

Бақылау сұрақтары

1. Кернеулер резонансы деп қандай құбылысты айтады? Қандай жағдайда тізбекте кернеу резонансын байқауға болады?

2. Тізбектің қандай параметрлерін өзгерту арқылы контурдың резонанстық жиілігі өзгереді?

3. Қандай тізбекті бірізді тербелгіш контур деп атайды?

4. Контурдың сапалылығы деген не? Оны қалай анықтайды?

5. Кернеулер резонансының векторлық диаграммасын тұрғызып, көрсету керек.

6. Резонанс кезінде тізбектің кешенді кедергісі неге тең?

7. Тізбектің резонанс кезіндегі күйіне тұжырым жасаңыз.


8775319098718950.html
8775339903008384.html
    PR.RU™